Көлсайда шомылған Павел Дуровқа айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төраға орынбасары Алексей Милюк Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Көлсай көлдерінде шомылғаны үшін айыппұл салынуы мүмкін бе деген сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Милюктің айтуынша, сөз ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын тыйым салынған аймақта шомылу туралы болып отыр.
«Мұндай жерлерде болу және шомылу – бұл Экология министрлігінің құзыретіне кіретін хаттама мен айыппұлды қажет ететін құқықбұзушылықтар. Біз тиісті материалдарды тіркеп, қарау үшін министрлікке жібердік. Өзіміз хаттама толтырған жоқпыз – тек БАҚ-тағы жарияланымдарға сүйеніп материал жинадық», – деді ол.
Комитет төрағасының орынбасары сондай-ақ Павел Дуровқа қандай айыппұл салынуы мүмкін екенін нақтылады.
«Айыппұл мөлшері құқықбұзушылықтың біліктілігіне байланысты. Бұл ескерту де болуы мүмкін, немесе 10 АЕК-ке дейін, яғни 39 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін», – деп түсіндірді Милюк.
Соңғы жаңалықтар





