Конституциялық сотқа 10 судья тағайындалды
Құрылтай Президент ұсынған он кандидаттың Конституциялық сот судьясы болып тағайындалуына келісім берді. Осыдан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.
Кандидаттарды палата отырысында Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр таныстырды. Оның айтуынша, Конституцияның 56-бабына сәйкес Конституциялық сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындау үшін Құрылтайдың келісімі қажет.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Конституциялық соттың судьясы болып мыналар тағайындалды:
- Сәкен Абдолла;
- Лейла Сұлтанқызы Жақаева;
- Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев;
- Айжан Ержанқызы Жатқанбаева;
- Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева;
- Қанат Сергейұлы Мусин;
- Бақыт Маратұлы Нұрмұханов;
- Сергей Васильевич Скрябин;
- Аслан Султанович Тукиев;
- Сергей Федорович Ударцев.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Тоқаев Эльвира Азимованы Конституциялық соттың төрағасы етіп тағайындаған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
07.11.2026
12:35
Меладзенің Алматыдағы концертінде жанжал шығарғ...
07.11.2026
11:36
«Бір жыл өтті, жауап жоқ»: Астанада анасы отада...
07.11.2026
10:16
“Баламның өліміне кім кінәлі?”: Алматыда 14 жас...
07.11.2026
09:18
«26 рет пышақ сұққан»: Қарағанды облысында әйел...
06.11.2026
23:14
«Мұндайға қалай жол бердіңіздер?»: Қостанай суп...
06.11.2026
22:28
Шетелдіктерге қазақстандықтардың ЖСН-ін пайдала...