Көп балалы ана Әйгерім Сәттібаева ел чемпионатында топ жарды

Көп балалы ана Әйгерім Сәттібаева ел чемпионатында топ жарды
21.10.2025 18:10
0
52

Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева Қазақстан чемпионатында топ жарды. Ол ең жеңіл салмақ 48 келінің финалдық бәсекесінде Әнел Құдайбергенді жеңді, деп хабарлайды POLITICO.KZ 

Боксшы ару араға 15 жыл салып, Қазақстан чемпионы атанғана қол жеткізіп отыр.

“Араға 15 жыл салып Қазақстан біріншілігінде топ жардым. Қатты қобалжып тұрмын. Жекпе-жектер оңай болған жоқ. Сөйте тұра жеңімпаз атанып, үйдегі отбасымның, бала-шағымның үмітін ақтағаныма қуаныштымын”, - деді Әйгерім.

Сонымен қатар ол шаршы алаңға шықпағанына ұзақ уақыт болса да, үздіксіз жаттығу жасағанын айтып жатыр.

“Таразда өткен Қазақстан бокс федерациясының кубогында 51 келі салмақта үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жеңдім. Қазақстан чемпионатына дайындықтарымның басы болатын. Себебі шаршы алаңға шықпағаныма біраз болып еді. Оқу-жаттығу жиындарында жеке бапкеріммен бірге дайындалдық. Құрама сапында жүргеніме екі жыл болды, бізде бірінші нөмір Назым Қызайбай болса, сонан соң тізімде мен тұрмын. Осы аралықта бас бапкер айтқан тапсырмаларды түгел орындап, жіберген жарыстардың барлығына қатысып, абыроймен оралуға тырыстым. Сондықтан осы қарқыннан таймаймын", - деді Сәттібаева.

Айта кетейік, Әйгерім – бес баланың анасы, әрі бокстан ұлттық құраманың бұрынғы мүшесі Олжас Сәттібаевтың жары. Ол өткен жылы Азия чемпионатында 48 келіде бақ сынап, үздік үштіктер қатарына енген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий