"Көзіңді ашшы, ботам": Ауыр жарақат алған фельдшердің әпкесі жұртты жылатты
Астанада 8 қараша күні Тәуелсіздік көшесінде болған төтенше жағдай кезінде бірнеше баланың өмірін аман алып қалған фельдшер әлі де ауыр халде ауруханада жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Куәгерлердің айтуынша, ол ТЖМ қызметкерлері келмей тұрып балаларды жалын арасынан шығарып, өзі қатты зардап шеккен. Қазіргі таңда ол Астана қаласындағы №1 көпбейінді қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Зардап шеккен фельдшердің әпкесі Гүлжан әлеуметтік желіде жантебірентерлік жазба жариялады:
«Алла ұлық, айналайын сіңлім, көзіңді ашшы енді, сен мықтысың, ботам. Кеше ғана жарқырап жүріп, бүгін ажалмен алысып жатқан қаһарман Ұлданам. 24/7 сен үшін бүкіл ел дұғада. Сен мықтысың, көзіңді ашып, бізді бір қуанышқа бөлеші, ботам. Әділет күйеу балаға мың алғыс — сенің жаныңнан кетпей, қамқорлығын көрсетті. Бүгін, ертең сен оянасың деген үмітіміз бар. Батыр, қаһарман, ержүрек ботам. Дұға тілеп, тілекші болып жатқан барлық жанның үйінде тек жақсылық болсын», — деп жазды ол.
Гүлжанның айтуынша, отбасы мүшелері әпкесінің есін жиюын тағатсыздана күтіп отыр. Қазіргі таңда желі қолданушылары да фельдшердің ерлігін бағалап, оның тез сауығып кетуін тілеуде.
Соңғы жаңалықтар