"Лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде болған": ҰҚК діни радикалдарды ұстады
5872
Терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бірқатар іс-шара өткізді, деп хабарлайды politico.kz.
Нәтижесінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу нұсқасы бойынша, олар террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан.
Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Айта кету керек, күдіктілердің екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық үшін соттылы болған. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан.
Қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.
Соңғы жаңалықтар
22.09.2026
21:47
Роза Рымбаева: Қазір екі ұлыммен көрші тұрып жа...
22.09.2026
21:25
35 жастағы медбике автобусқа тұрмысқа шықты
22.09.2026
21:17
«Жасыл дәліз» көмектеспеді: Астана әуежайында з...
22.09.2026
21:12
Балымбетов: Жәрдемақы алу үшін өтірік ажырасаты...
22.09.2026
20:49
Феншуй маман: Аман Тасығанға менен сұқбат алған...
22.09.2026
20:23
Астана маңындағы жол апатында екі аяғынан айыры...