Лавров: Киевтің сөзіне сенуге болмайды

Лавров: Киевтің сөзіне сенуге болмайды
25.03.2025 16:40
0
1160
Reuters
Қара теңіз бастамасы Эр-Риядтағы басты тақырып болды

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Эр-Риядта өткен Ресей мен АҚШ арасындағы 12 сағаттық келіссөздерден кейін маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Министрдің айтуынша, келіссөздер барысында ең алдымен Қара теңіздегі қауіпсіз кеме қатынасын қамтамасыз ету мәселесі талқыланған. Бұл бастама аясында Мәскеу Киевтің уәдесіне сенбейтінін ашық мәлімдеп, нақты кепілдіктер талап ететінін жеткізді.

 

– Бұл кепілдіктер тек Вашингтон тарапынан, яғни АҚШ Президентінің бұйрығы арқылы ғана берілуі мүмкін. Біз бұрынғыдай екіұшты жағдайлардың қайталануына жол бермеуіміз керек, – деді Лавров.

Сондай-ақ, ол Еуроодақтың Украинаға бітімгер күштер жіберу жоспарын сынға алып, мұндай әрекеттердің "Наполеон мен Гитлердің армандарын" еске түсіретінін айтты.

Министрдің сөзінше, Мәскеу Қара теңіз бастамасын жалғастыруға қарсы емес, бірақ ол барлық тарап үшін әділ әрі нақты шарттарға негізделуі тиіс.

— Бүгінде Ресей мен АҚШ президенттеріне Эр-Риядтағы келіссөздердің нәтижелері туралы есеп берілуде. Біз Вашингтоннан нақты қадамдар күтеміз. Тек олар Киевке қажетті бұйрық бере алады, – деді Ресей СІМ басшысы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий