Өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адам мерзімінен бұрын бостандыққа шыға ала ма?
618
Өлім жазасына кесіліп, кейін ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған адам шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыға ала ма? ҚР Конституциялық соттың баспасөз қызметі бұл сұраққа жауап берді.
Конституциялық Сотқа азаматтан Қылмыстық кодекстің 72-бабы 8-бөлігі 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш келіп түсті.
Дауланып отырған нормада үкімі өлім жазасынан өмір бойына бас бостандығынан айыруға өзгертілген сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру құқығы қарастырылмаған.
Конституциялық Соттың отырысында өтініш беруші, Бас прокуратураның, ішкі істер, әділет министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және сарапшылар өз ұстанымдарын білдірді.
Конституциялық Соттың қортынды шешімі бойынша Конституциялық Заңның 65 бабына сәйкес КС ресми сайтында мына сілтеме бойынша, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады. Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
18:17
Жанель Мақажан: Күйеуіңізді тұғырға қондырып, б...
17.09.2026
18:09
«Бар ақшамыз еді»: Air Astana жолаушысы ұшақ бо...
17.09.2026
17:53
Жанель Мақажан: Орамалды шешкенде қатты қиналды...
17.09.2026
17:14
«Моральдық қысым көрсетілген»: Көкшетау соты әк...
17.09.2026
17:04
Продюсер: "Айтуға оңай" ешкімнің өмірінен шоу ж...
17.09.2026
17:00
Зайсан көлінде қайық аударылды: суға кеткен бал...