«Мәдина әпшеде конкурент пайда болды»: Танымал визажисттің образды қайталауы желіні дүр сілкіндірді

12.12.2025 09:17 Айсұлу Мұрат
«Мәдина әпшеде конкурент пайда болды»: Танымал визажисттің образды қайталауы желіні дүр сілкіндірді
0
56
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Желіде әнші Мәдина Садуақасованың бейнесін айна-қатесіз қайталауға тырысқан визажисттің видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Ардақ Аймахан есімді блогер өзінің парақшасында жаңа видеосын жариялап, дәл Мәдинаның стилінде боянып шыққанын көрсеткен.

«Бәріңіз Мадинаға ұқсайсын деп едіңіздер, ал өзімді бояп Мадина ханымға ұқсап қалдым ба? Жаңадан бастап жатқан бизнес парақшама жазылып алыңыздар», — деп жазды ол.

Алайда желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды. Бірі Ардақтың талпынысына риза болып, әзіл араластырса, енді біреулері қатал сынға алды.

Пікірлердің ішінде:

«Қыздар, не істейміз? Армияға кетеміз ба?», «Мәдина әпше, конкурент пайда болды сізге», «Мынаған кім Мадинаға ұқсайсың деп жүрген?», «Мәдинаға емес, Луинаға ұқсап тұр», «Армияға қай жылғы қыздарды әкетіп жатыр?» деген сынды жазбалар бар.

Желі қолданушыларының реакциясы видеоны одан сайын таратып, бір күнде-ақ мыңдаған қаралым жинаған.

Мәдина Садуақасованың өзі бұл жағдайға әлі пікір білдірген жоқ, бірақ желідегілер «әншінің реакциясын күтудеміз» деп шулап жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий