Маңғыстауда мектептің төбесі құлады

Маңғыстауда мектеп төбесі құлады
Маңғыстау облысындағы Құрық ауылында орналасқан мектепте төбе құлау фактісі тіркелді. Қарақия ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға 23 шілде күні таңғы сағат 6:30 шамасында болған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалар мен фотолардан жағдайдың қаншалықты ауқымды екені байқалады.
Абырой болғанда, төбе құлаған сәтте мектеп ғимаратында ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Құлаған бөлік шамамен 250 шаршы метр аумақты қамтитын акт залының төбесі.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сарапшылар шақырылып, құрылыс сапасына, ғимараттың техникалық жағдайына және пайдалану тәртібіне қатысты кешенді тексерістер басталды.
Құрық ауылындағы бұл мектеп 2009 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген. Жобалық қуаты 1200 оқушы. Қазір білім мекемесінің қауіпсіздігі мен алдағы оқу жылына дайындығы басты назарда.
Жағдаймен танысу үшін оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов барды. Жергілікті билік тиісті қорытынды шыққан соң, нақты шешімдер қабылданатынын айтты.
Соңғы жаңалықтар





