Мақпал Жүнісова екінші рет тұрмысқа шықпауының себебін айтты
Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова жеке өміріне қатысты көпшілікті қызықтырған сауалға нақты жауап берді. Өнер иесі жары марқұм Заманбек Нұрқаділов қайтыс болғаннан кейін неге қайта тұрмыс құрмағанын ашып айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, сөз айтқан кісілер болған. Алайда Мақпал Жүнісоваға анасы екінші рет күйеуге шығуына рұқсат бермеген екен.
«10 жылдан кейін анама айттым: «Мама, егер маған бір жақсы адам кездессе, маған күйеуге шық деп айтса, сіз қалай қарайсыз?», - дедім. Көзі шарасынан шығып, түрі бұзылып кетті. «Әй, қарағым, Заманбектен артық біреуді табамын деп тұрсың ба? Мен тірі тұрғанда күйеу туралы айтушы болма» деді. Содан жұмған аузымызды ашқан жоқпыз. Біреу қараса да қараған жоқпыз. Тып-тыныш жүрдік, себебі шешемізден қорқамыз. Алдыңда анаң болса, сен әлі бала сияқтысың дейді. Сол рас екен. Біз соны тыңдаймыз енді», - деді әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің тәрбиесіне тәнті болды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...