Мас адам бес адамды пышақтап, бір азаматты көлікпен қағып өлтірді

Мас адам бес адамды пышақтап, бір азаматты көлікпен қағып өлтірді
10.05.2025 12:05
0
412
pixabay.com

Сахалинде, Корсаков қаласындағы Окружная көшесінде сұмдық оқиға орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

SHOT мәліметінше, 22 жастағы Евгений есімді азамат қолына үлкен пышақ алып, "Пивной рай" дүкені маңында кемінде бес адамды жаралаған.

Пышақпен бірнеше рет сермеп, кейін ер адамдарға қоқыс жәшігін лақтырып жіберген ол, көлікке отырып, 34 жастағы жүргіншіні қағып өлтірген. Көлікті марқұмның денесінде қалдырып, қайтадан көліктен шығып, пышақпен айналадағы адамдарға қоқан-лоқы көрсеткен. Оқиға кезінде бір қыз жігітті сабырға шақырып, көлікті марқұмның үстінен алып тастауға үгіттегенімен, күдікті қашып кеткен.

Кейінірек Евгений ұсталып, оған "кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Істі жергілікті прокуратура ерекше бақылауға алды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол оқиға кезінде мас күйде немесе есірткі әсерінде болған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий