«Маскадағы адам – Димаш»: Құдайбергеновтер әулетін білетін адам құпияны ашты
«Тамаша» шоуы арқылы танылған актер Алмат Сақатов әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Актер YouTube-тағы Qazaq Airan жобасына берген сұхбатында соңғы уақытта жұрт арасында «Маскадағы адам» атанып жүрген блогердің кім болуы мүмкін екеніне тоқталды.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде қайырымдылықпен айналысып жүрген бұл адамның қимылы мен бейнесі Димашқа ұқсайтыны жиі айтылып жүр.
«Димаш болуы да мүмкін. Қазір ол өте танымал, сондықтан үнемі елдің назарында жүреді», – деді Алмат Сақатов.
Сонымен қатар актер Димаш Құдайбергенді қазақ өнеріндегі бірегей құбылыс ретінде бағалап, оның жетістігін айрықша атап өтті.
«Соңғы 70 жылдағы қазақ өнеріндегі тұлғаларды жинасақ та, Димаштың деңгейіне жеткен адам жоқ. Ертең осы сөзім үшін сыналармын, бірақ бұл – шындық. Әлемнің түкпір-түкпірінде ән шырқап жүрген, қазақтың атын жаһанға танытқан Димаштай өнерпаз бұрын-соңды болмаған. Ол тарих жасады. Құдай оған ұзақ ғұмыр берсін», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар