"Мәйітін көлге лақтырып кеткен": 24 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

Фото: kaktus.media

Қырғызстанның Баткен облысында 24 жастағы келіншек кісі қолынан қаза тауып, артында үш баласы қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қылмысқа күдікті ретінде оның күйеуі қолға түскен.

Марқұмның таныстары әлеуметтік желіде оны соққыға жығып, балтамен шапқан соң мәйітін көлге лақтырып кеткенін мәлімдеген. Алайда құқық қорғау органдары келіншектің балтамен шабылғаны туралы ақпаратты теріске шығарды. Милиция өкілдерінің хабарлауынша, марқұмның мәйіті 31 қазанда ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала болжам бойынша, ерлі-зайыптылар арасында қызғаныш салдарынан ұрыс-керіс туындаған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті адвокаттың қатысуымен жауап алынғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу