Мемлекет басшысы ЕАЭО елдері арасында үздіксіз логистиканы құру қажеттігін мәлімдеді
458
Мемлекет басшысының пайымдауынша, сыртқы нарықтармен байланыстыратын орнықты көлік жүйесінің болуы ұзақмерзімді интеграцияны жолға қоюдың негізгі шарты болып қала береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің барлық аумағындағы халықаралық автомобиль өткізу пункттері жаппай жаңғыртыла бастағанын айтты. Осынау кешенді инфрақұрылымдық шешімдер Еуразия күре жолдарын одан әрі бір-бірімен ұштастыруға және мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді.– Бүгінде Еуразияның көлік құрылымы Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы тиімді сауда байланысын қамтамасыз етіп отыр. Алайда алдағы онжылдықтарда Еуразия аймағындағы инфрақұрылымның тозғаны анық сезіле бастайды әрі оны жаңарту қажеттілігі арта түседі. Сондықтан көлік және логистика инфрақұрылымдарын жаңғырту және кеңейту – маңызды мәселе. «Рельс төселген жерде жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады» деп бекер айтылмаған. Сол себепті Қазақстан 2030 жылға дейін 11 мың шақырым теміржолға жөндеу жүргізіп, жаңадан 5 мың шақырымнан астам теміржол салуды жоспарлап отыр. «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасы аясында Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның терминалы бой көтерді. «Қытай – Еуропа» бағытында контейнер арқылы тасымалданатын жүктің 40 пайызына дейін сол жерде жинақталады. Сонымен қатар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан шекараларында және Каспий теңізінде 5 трансшекаралық көлік-логистика хабын іске қосу жоспарланып отыр, – деді Президент.
– Қазақстанның теміржол саласын дамыту ісі бірыңғай цифрлық экожүйені құру арқылы тың серпін алады. Сондай-ақ келесі жылы теміржол тасымалы саласында жасанды интеллект элементтерін пайдалануды көздеп отырмыз. Озық технологияларды қолдану тасымал тиімділігін айтарлықтай арттырып, өзіміздің және серіктестеріміздің шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл тариф саясаты мен кеден рәсімдерін үйлестіру, сондай-ақ Еуразияның бірыңғай цифрлық дәлізін құру арқылы тұтас логистика желісін қамтамасыз ету үшін керек. Нақты шара ретінде тауармен бірге жіберілетін құжаттардың бәрін QR-кодтар арқылы қашықтан тексеру және цифрлық құжаттарды өзара тану механизмін енгізуді ұсынамыз, – деді Мемлекет басшысы.
Соңғы жаңалықтар
26.03.2026
22:59
Қарағандыда әйел мен 12 жасар қызы өлі табылды
26.03.2026
22:08
Жантүршігерлік жол апатынан кейін Алматы полици...
26.03.2026
21:24
Ақтаудағы жаппай төбелеске мемлекеттік қызметке...
26.03.2026
20:28
Алматыдағы жол апаты: ІІМ басшысы мәлімдеме жасады
26.03.2026
19:21
Әбиба Әбужақынова өзінен бес жас кіші балуанға ...
26.03.2026
18:18
Ақтөбеде жүкті әйел мінген жедел жәрдем аударылды