"Мен сіздерді сағындым": Димаш Құдайберген жоспарын айтты

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тағы да қуантты. Ол Алматыда өтетін «D and Dears» фан-кездесуіне қатысатынын растады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әнші Instagram парақшасында жанкүйерлерінің ерекше ықыласына алғысын білдіріп, бұл кешке деген қуанышын жасыра алмады.
Сіздердің көпшілігіңіз фан-кездесуде болатын-болмайтыным туралы сұрадыңыздар. Әрине, боламын! — деп жазды Димаш.
Ол дәл осы кешке арнап шығармашылық ұжымымен бірге тыңдармандарға арналған жаңа әндер мен бейнебаяндар әзірлеп жатқанын айтты.
Мен сіздерді қатты сағындым, қымбаттыларым Dears. Сіздермен кездесуімізді асыға күтемін. Өздеріңізбен жылы шығармашылық атмосферада әңгімелесіп, сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын, — деді Димаш.
Әншінің бұл жаңалығы жанкүйерлерін бір серпілтіп, алдағы фан-кездесуге деген қызығушылықты одан әрі арттырды.
Соңғы жаңалықтар





