«Менен 25-30 жас кіші балалар атақ алып жатыр»: Нұрлан Еспан мұңын шақты

Белгілі әнші Нұрлан Еспанов «Болған оқиға» подкастында шығармашылық жолындағы қиындықтары мен марапатқа қатысты ойын ашық айтты.
Өнер иесі 10 жыл бойы «атақ береміз» деп уәде еткендер сенімін ақтамағанын айтып, бұл мәселе өзіне ауыр тигенін жеткізді.
Мені “атақ береміз” деп 10 жыл алдады. Кейде “Нұреке, сіз неге алмай жүрсіз?” дейді. Сонда ойланып қаласың — сенен 25-30 жас кіші балалар атақ алып жатады. Біреу: “Мыналарды тексермейсіз бе?” дейді. Бірақ атақ алып қойғандарды тексеруге болмайды, тек ұсынған адамдарды ғана тексеру керек, — деді Нұрлан Еспанов.
Әнші тіпті бұл тақырып қозғалған сәттерде көңілі босайтынын жасырмады:
Өткенде Асхат “Әлі күнге дейін ‘Еңбек сіңірген қайраткер’ атағын алмағансыз ба?” деп сұрады. Сол кезде менің жылағым келіп кетті, — деп ағынан жарылды өнер иесі.
Нұрлан Еспанов — қазақ эстранасының танымал тұлғасы, көп жылдар бойы сахнада жүргенімен, өзінің айтуынша, әлі күнге дейін мемлекеттік марапатқа ие болмаған.
Соңғы жаңалықтар





