"Мені танымайтынын айтты": Динара Сәтжан Бағдагүл емшінің сотта өзгеріп кеткенін айтты

05.08.2026 11:37 Мөлдір ҚАЙНАР
473
Фото: коллаж politico.kz

Қазақстандық тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжан өзін әлеуметтік желіде балағаттап, жалған ақпарат таратты деп айыптаған ақтөбелік Бағдагүл емшімен соттасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналистің айтуынша, сот барысында қарсы тарап өзін мүлде танымайтынын айтып, жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан. Бұған дейін өзін емші ретінде таныстыратын Бағдагүл Лепесова әлеуметтік желіде тележүргізуші туралы видео жариялаған болатын. Осыдан кейін журналист оған қатысты мәлімдеме жасап, сотқа жүгінгенін хабарлады.

"Маған оның жаңа тактикасы қызық болып тұр. Ол мені танымайды екен, қорғаушысы "Динара Сәтжан" деген сіз емес шығарсыз деп өзгеріп шыға келді", — деді Динара Сәтжан.

Оның айтуынша, Бағдагүл емші кешірім сұраудың орнына, тактиканы басқа арнаға бұрған.

Сондай-ақ тележүргізуші әлеуметтік желіде ар-намысқа тиетін пікірлер мен балағат сөздерге тап болған азаматтарға құқықтық жолмен әрекет етуге кеңес берді. Оның айтуынша, мұндай жағдайларда әлеуметтік желіде жанжалға араласпай, барлық мәліметті нотариус арқылы ресми түрде рәсімдеген жөн.

Айта кетейік, бұған дейін Бағдагүл емші  әлеуметтік желіде Динара Сәтжаннан кешірім сұрап, екі тарап келесімге келе алатынын айтқан еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий