«Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова өткені мен болашағы жайлы ағынан жарылды

14.10.2026 • 11:38 Мөлдір ҚАЙНАР
«Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова өткені мен болашағы жайлы ағынан жарылды
91
Фото: видеодан скриншот

Жақында ғана отау құрған танымал актриса Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында әсерлі жазба жариялап, өткен күндерді артта қалдырып, бүгінгі бақыты мен жарқын болашағын таңдағанын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі өткен өмірін жұртқа жариялап, оны дастан етуден аулақ екенін баса айтты.

«Мен өткен өмірімді жария етпесем де, өткенім туралы ән айтпасам да, басымнан өткен тағдырымды киноға айналдырмасам да, өз тарихым бар! Мен өткеніммен өмір сүргім келмейді. Мен тек алға жылжуды таңдадым. Жақсы күндердің келетініне сендім. Бақыттың да, махаббаттың да, ғажайып сәттердің де маған бұйыратынына сендім. Сол сенімімнің сыйындай болып, өміріме осындай ғажап күн келді. Сол күннің құрметіне маған ән арнады. Бұл ән — бүгінімнің бақыты. Бұл ән жараланған жүректің зары емес, қайта бақытқа сенген жүректің жеңісі», — деп жазды актриса.

Сондай-ақ ол сөзін өзіне арналған ән үшін ризашылығын білдіріп, тек болашаққа сеніммен қарайтынын айтып түйіндеді:

«Менің өткен өмірім жоқ. Менің тек бүгінім мен келешегім бар! Өйткені мен өткенімді әңгіме етуді емес, болашағымды әдемі етуді таңдаған әйелмін. Осындай әнге рақмет Шампон», — деді өнер иесі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий