Министрліктегі басшылардың табысы белгілі болды: Толық тізім

05.01.2026 20:05 Арман Ермеков Арман Ермеков
Министрліктегі басшылардың табысы белгілі болды: Толық тізім
0
1123
Сурет Gemini арқылы жасалған

Үкіметтің алты бірдей министрлігі лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайларының 2024 жылғы кіріс есебін көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:

Алтай Көлгінов – Қазақстанның Эстониядағы Елшісі

2024 жылғы декларацияда шенеуніктің жеке табысы 0 теңге деп көрсетілген. Ал оның жұбайы Жанар Келімбетованың жалпы кірісі 16 967 301 теңгені құрады.

 

Барлыбай Садықов – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі

2024 жылғы декларацияда шенеуніктің жеке табысы 3 380 000 теңге деп көрсетілген. Ал оның жұбайы Лунара Абильдаеваның жалпы кірісі 0 теңгені құрады.

 

Гүлсара Арыстанқұлова – Қазақстанның Франциядағы Елшісі

2024 жылғы декларацияда шенеуніктің жеке табысы 2 640 000 теңге деп көрсетілген. Ал оның жұбайы Ғалымжан Дұғаловтың жалпы кірісі 0 теңгені құрады.

 

Олжас Сүлейменов – Қазақстанның Швециядағы Елшісі

2024 жылғы декларацияда шенеуніктің жеке табысы 0 теңге деп көрсетілген. Ал оның жұбайы Жанар Примбетованың жалпы кірісі 26 550 теңгені құрады.

 

Оңталап Оңалбаев – Қазақстанның Ирандағы Елшісі

2024 жылғы декларацияда шенеуніктің жеке табысы 0 теңге деп көрсетілген. Ал оның жұбайы Света Балқыбаеваның жалпы кірісі 1 191 513 теңгені құрады.

 

Сатыбалды Бұршақов – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі

2024 жылғы декларацияда шенеуніктің жеке табысы 875 000 теңге деп көрсетілген. Ал оның жұбайы Майра Қаракешованың жалпы кірісі 25 000 теңгені құрады.

 

Шахрат Нұрышев – Қазақстанның Қытайдағы Елшісі

2024 жылғы декларацияда шенеуніктің жеке табысы 0 теңге деп көрсетілген. Ал оның жұбайы Алия Нұрышеваның жалпы кірісі 12 332 070 теңгені құрады.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігі:

Серік Жұманғарин – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

2024 жылғы декларацияда оның жұбайы Сания Садықованың бағалы қағаздар нарығына инвестициялаудан (дивидендтер мен сыйақылар) түскен жалпы кірісі 88 678 984 теңгені құрағаны көрсетілген.

 

Асан Дарбаев – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі

2024 жылғы декларацияда оның жұбайы Гүлнұр Дарбаеваның жалпы кірісі 69 605 000 теңгені құрағаны көрсетілген.

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі:

Қаныш Әбубәкіров – ҚР Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары

2024 жылғы декларацияда оның жұбайы Майра Қожатайдың жалпы табысы 34 000 000 теңгені құрағаны көрсетілген.

 

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі:

Әсет Нүсіпов – ҚР Сауда және интеграция вице-министрі

2024 жылғы декларацияда оның жұбайы Мәдина Мұңайтбасованың жеке салық салуға жататын жалпы табысы 450 000 теңгені құрағаны көрсетілген.

 

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі:

Талғат Ластаев – ҚР Көлік вице-министрі

2024 жылғы декларацияда оның жұбайы Нұргүл Ластаеваның жалпы кірісі 5 300 000 теңгені құрағаны көрсетілген.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:

Әсет Тұрысов – ҚР Қаржы вице-министрі

2024 жылғы декларацияда оның жұбайы Жибек Тұрысованың жалпы кірісі 6 800 000 теңгені құрағаны көрсетілген.

Айта кететін жайт, әзірге тек алты министрлікке қарасты 13 шенеуніктің декларациясы көпшілікке қолжетімді болып отыр. Өзге 15 министрліктің ресми интернет-ресурстарында басшылық құрамның кірісі туралы ақпарат табылмады.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий