Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды

Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Үкімет

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Politico.kz Ақордаға сілтемемен хабарлайды.

Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы тарихы музейінде экскурсия жүргізушісі болып бастаған. Кейін осы музейдің ғылыми қызметкері, директордың орынбасары және директоры болған.

2015–2016 жылдары Алматы қаласы музейлерінің бірлестігін басқарған. 2016–2022 жылдары Мәдениеттерді жақындастыру орталығында, 2022–2025 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде басшылық қызметтер атқарған.

2025 жылғы 14 қаңтардан бастап мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу