Митинг: Қырғыздар Кемпір-Абад су қоймасын Өзбекстанға беруге қарсы болып жатыр
448
Бішкектегі бейбіт акцияға шыққандар билікті Кемпір-Абад су қоймасын Өзбекстанға өткізіп беру процесін, осндай-ақ өз қарсыластарын саяси қуғын-сүргінге салуды тоқтатуға шақыратын петицияға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі 24kg сайтына сілтеме жасап.
23 қазанда таңертең Қырғыз Республикасы Кемпір-Абад су қоймасын Өзбекстанға өткізіп беруге қарсы шыққан оппозициялық саясаткерлер мен белсенділерді жаппай тінту жүргізген. Бішкектегі тұтқындаулар туралы жаңалықтан соң жаппай наразылықтар басталды.
Бішкек АІІБ және Шу облысының аудандарында 21 адам қамауға алынды. Парламенттің бұрынғы депутаты Қанат Исаев та ел астанасының тергеу изоляторына бір айға қамалды.
Қырғыз Республикасы ІІМ билікті заңсыз басып алу мақсатында жеке тұлғалардың жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оны дайындауға қатысқаны туралы дәлелдер қолдарына түскенін мәлімдеді.
Президент Садыр Жапаров билікте Кемпір-Абад бойынша митингілер мен шерулердің артында кім тұрғаны туралы ақпарат бар екенін айтқан болатын.
Митингке қатысушылар мынандай талаптарды қамтитын петицияға қол қойған:
- Кемпір-Абад су қоймасы және оның аумағы Қырғыз елінің балансында қалуы керек.
- Кемпір-Абад су қоймасын айырбастау, делимитациялау және демаркациялау мәселелері мен жұмыстары тоқтатылуы керек. Келісім ратификацияланбауы тиіс.
- Делимитация және демаркация мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жаңадан құрылсын.
- Делимитация және демаркация мәселелері бойынша хаттамалар инвентаризацияға жатады және ол жұртшылыққа жария болуы тиіс.
- Саяси қудалау дереу тоқтатылуы керек.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
02:35
"Ақшам ғана керек болды ма?". Нұржан Қалған өзі...
13.09.2026
02:03
Тарихшы: Алтын Орда мұрагерлерінің ішінде жалғы...
13.09.2026
01:22
Трамп Қазақстанды Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен...
12.09.2026
21:34
Гүлмира Ізбасхан: Шашым мен татуировкам үшін Құ...
12.09.2026
21:00
Баян Алагөзова: Балаларыма аз уақыт бөлдім деп ...
12.09.2026
17:16
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы м...