Мобильді аударымдарға қатысты бақылау шегі ұлғайтылады
Қаржы министрлігі мобильді аударымдар бойынша жаңа өзгерістерді талқылауда
Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты бақылау критерийлерін күшейту ұсынылып отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қаржы министрлігі Ұлттық банк және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, қолданыстағы талаптарды толықтыру жөнінде шешім қабылдады.
Ұсынылған өзгерістер:
- Үш ай қатарынан кіріс аударымдарының жалпы сомасы 12 ЕТЖ-дан (1 020 000 теңге) асса, тексеру жүргізілуі мүмкін.
- Егер жеке тұлғаға 100 немесе одан көп адамнан ай сайын тұрақты түрде ақша түссе және бұл кәсіпкерлік қызметке қатысты болмаса, бақылауға алынуы мүмкін.
Бұл талаптар жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажеттілігін көздейді. Қазіргі заңнамаға сәйкес, жеке кәсіпкердің жылдық кірісі 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асуы тиіс.
Қаржы министрлігінің бұл ұсынысы Ұлттық банк қарауында тұр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
05.11.2026
17:04
Таиландта Интерпол іздеу салған 24 жастағы қаза...
05.11.2026
16:38
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Қорғаныс министрл...
05.11.2026
15:08
Алматыда бес баланың анасы өзіне қол жұмсамақ б...
05.11.2026
14:23
Астанада БҚО-ның бұрынғы салық басшысы 10 жылға...
05.11.2026
13:56
Маңғыстаудағы әскерилердің өлімі: 8 лауазымды т...
05.11.2026
13:56
«Анненск» шахтасының тұрмыстық кешені жаңа кейі...