Мылқау такси жүргізушісін мазақ еткен әйел полицияға жеткізілді (ВИДЕО)

Мылқау такси жүргізушісін мазақ еткен әйел полицияға жеткізілді (ВИДЕО)
17.10.2025 09:47
0
638

15 қазан күні әлеуметтік желілерде блогердің мылқау такси жүргізушісіне құрметсіздік танытқан видеосы тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Видеода қыз такси салонында ән айтып, жүргізушіні камераға түсірген. Бұл әрекет қоғамның наразылығын тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқыланды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазба авторының кім екені анықталып, Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Қызға қатысты түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.

«Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бейнежазба авторының жеке басын анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізді. Қызбен профилактикалық және құқықтық түсіндіру әңгімесі жүргізілді. Қы өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді», — деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарап, қоғамдағы этика, мораль және өзара құрмет қағидаларын сақтауға шақырады.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий