"Мына шайтанды құртыңдаршы!": Халық Гүлмира Ізбасханованы жақтырмай қалды
Әлеуметтік желі арқылы танылған әнші Гүлмира Ізбасханованың халық тағы сынай жөнелді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sкifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Әнші «Көк жигули» әнінің шығу тарихын айтып берді.
«Көк жигулиді» негізі бір досым жіберді. Ол бір күнде шығып кеткен ән. Әнін білмейін де. Досым неменеге жіберіп тұрсың, сөзімен бірге жібермейсің ба дедім. Ол сол күні «фрррр» етіп жазады. Содан мен Азоданың админстраторына шығамын. «Гәп йоқ, рұқсат!» деді. Гәп йоқ болса, кеттік дедік. Басын Ораз ағаға жаздырдым. Бір күнде дайын болды», - деді әнші.
Бағдарлама жүргізушісі:
— Пұл сұраған жоқ па?
— Жо-жоқ! Тегін берді. Басқаларға 20 мың доллар депті, - дейді әнші мақтана күліп.
Осы видео желіде тарағаннан кейін тыңдармандарды бір бөлігі оған риза болса, енді бір бөлігі жақтырмай оның сахналық образын, шаш үлгісін сынап, жақтырмай қалды.
«Киімі не бәле сахнаға дұрыстап шығу керек қой», «Мына шайтанды құртыңдаршы, болмаса Талғарға жіберіңдерші», «Осы қыз әнді зор айтады», «Даусы өте әдемі» десті желі қолданушылары.