НАТО Украинаны бейбіт келісім аясында қабылдамайды

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Украина НАТО-ға міндетті түрде кіреді, бірақ бұл бейбіт келісімнің шарты ретінде қарастырылмағанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ «Укринформ» агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Рютте Варшава экономика мектебінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді. НАТО басшысы Украинаның НАТО-ға кіруі Альянстың Вашингтондағы саммитінде қайтарымсыз жол ретінде нақты бекітілгенін атап өтті.
«Біз ешқашан Украинаның НАТО-ға мүше болуын бейбіт келісімнің бір шарты деп айтқан емеспіз. Америкалықтар қазіргі уақытта бейбіт келісім аясында Украинаның НАТО-ға кіруін қаламайды. Бірақ бұл болашақта өзгеруі мүмкін», – деді Рютте.
Ол Украина мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың іс жүзінде өте қарқынды екенін атап өтті. Вашингтондағы саммитте НАТО-ға мүше елдер 2024 жылы Украинаға 40 миллиард еуро көлемінде әскери көмек көрсетуге міндеттелген болатын. Іс жүзінде олар бұл соманы асыра орындап, Украинаға жалпы сомасы 50 миллиард еуроға әскери қолдау көрсетті. Бұл қаражаттың 60%-дан астамын Канада мен Еуропа елдері берген.
Сондай-ақ НАТО басшысы Украинаға әскери көмек жеткізуді үйлестіру үшін Германияның Висбаден қаласында арнайы командалық орталық құрылғанын, әскери көмек негізінен Польшадағы логистикалық орталықтар арқылы жеткізілетінін айтты.
«Украинамен ынтымақтастық бейбіт келісімнен тыс өте қарқынды дамуда. Президент Зеленскиймен аптасына бір-екі рет сөйлесеміз. Сондықтан бұл шынымен де өте тығыз әрі тұрақты ынтымақтастық», – деді Марк Рютте.
Соңғы жаңалықтар





