Назарбаевтың жиені кезекті жетістігімен мақтанды

16.06.2025 19:08 Берік Арманов Берік Арманов
Назарбаевтың жиені кезекті жетістігімен мақтанды
0
754
Фото: instagram.com/imnurali

Қазақстанның тұңғыш президентінің жиені Нурали Әлиев Австрияда өткен IRONMAN триатлон жарысынан алған әсерімен Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Австрияда әлемнің түкпір-түкпірінде өтетін әйгілі IRONMAN триатлоны өтті. Бұл сайыста 40 жастағы Нурали Әлиев те бақ сынаған. Ол – Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Дариға Назарбаева мен мемлекеттік опасыздық және төңкеріс жасауға әрекеттену бойынша сотталған Рахат Әлиевтің ұлы.

Желіде жарияланған марапаттау сәтіндегі суреттеріне қарағанда, Әлиев жарысты толық аяқтап, жақсы спорттық формада екенін көрсеткен.

IRONMAN триатлоны үш кезеңнен тұрады: 3,86 шақырым жүзу, 180,25 шақырым шоссе веложарысы және 42 шақырым марафон.

Айта кетейік, Нурали Әлиев қазіргі таңда Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай 50 адамның қатарында, тізімде 41-орында тұр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий