Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев психикалық денсаулық саласына бет бұрды

22.01.2026 14:47 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев психикалық денсаулық саласына бет бұрды
304
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев психикалық денсаулық тақырыбындағы халықаралық іс-шараға қатысып, спикер ретінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Politico.kz.

Нұрәлі Әлиев Швейцарияның Давос қаласында өткен, Дүниежүзілік экономикалық форум аясында ұйымдастырылған Психикалық саулық күніне қатысты. Ол рухани тәжірибелерді, ғылыми зерттеулер мен заманауи технологияларды ұштастыруға арналған «Ақыл-ойды емдеу» атты панельдік сессияға қатысты.

Панельге Яванава тайпасының көшбасшысы Бираси Никсиваке, будда ұстазы Друпон Церинг Ринпоче, Колумбия университетінің профессоры Лиза Миллер қатысқан. Ал сессияны The Founder Spirit подкастының жүргізушісі Дженнифер Ву жүргізді.

Іс-шара барысында Нұрәлі Әлиев психикалық денсаулыққа қатысты өзге де сессиялар мен сарапшылар кездесулеріне қатысып, рухани тәжібе мен технологияны біріктіретін «Жарық ұшқыны» атты жобасын таныстырды. Жоба адамның ішкі күйін жақсартуға бағытталған балама тәсілдерді қамтиды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий