Назаров чемпиондықты жазып алған: журналист билікке халықтың мұң-мұқтажын білетін адам керегін айтты

12.11.2025 13:08 Әсел Мұрат
Назаров чемпиондықты жазып алған: журналист билікке халықтың мұң-мұқтажын білетін адам керегін айтты
0
116
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Ардақ Назаров

Журналист Дина Елгезек өзінің сұхбатында қазіргі депутаттатрға көңілі толмайтынын айтып, сайлаудың әділ өтпегенін жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

«Ардақ Назаров, шынын айтқанда, Олимпиада чемпионы болмаған. Өтірік айтып өзіне чемпиондықты жазып алған. Мінберде анасын құттықтауы, меніңше, дұрыс емес. Сол Ардақ Назаров парламенттік сайлауда кіммен сайлауға түсті? Рысбек Сәрсенбаевпен. Рысбек Сәрсенбаевтың потенциалы қандай? Әлгі спортсменіміздің потенциалы қандай? Біздің парламентке кім керек еді? Спортсмен бе? Әлде халықтың мұң-мұқтажын айтып жүрген Рысбек Сәрсенбаев сияқты тіс қаққан саясаткер ме? Әрине, Рысбек Сәрсенбаев еді. Ол көпшіліктің даусын алып, өтіп қоюуы мүмкін. Бірақ біздің Қарин сияқты идеологтардың таңдаған адамы осы болды. Оларға спортсмендер керек. Саясаткерлерден, мықты экономистерден гөрі жай ғана ұрандатып сөйлейтін адамдар ғана керек болды. Олар биліктің сөзіне құлақ түреді ғой. Бұның барлығы әділ сайлаудың, саяси адекватты бәсекенің болмауынан. Дәулет Мұқаевқа қатысты да дәл солай. Оның жүргізген сабағына қатысты көп дүниелер болды, шағымдар түсіп жатыр. Заңсыз ақша алуға үгіттеген адам. Ол қалай парламенттің мінберінде отыр. Өздерінің ығында жүретін, сөзін сөйлейтін адамдарды әкеліп тағайындауы – әділ сайлаулардың болмауының нәтижесі. Билік: «Осылар ертең қыңқ етпейді, ертең бізге қарсы шықпайды» деп көзі түскен адамдарды алды. Бізге лл жерге бюджет туралы заңды талқылайтын, әрбір тиынын есептейтін мықты қаржыгер, экономистер, заңгерлер керек. АЭС-ке қатысты үлкен талқылаулар болды. Сол кезде бүге-шүгесіне дейін білетін Әсет Наурызбаев сияқты тұлғалар керек еді», - деді Дина Елгезек.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий