Нұрай Серікбайдың ісінде күтпеген жағдай: Заңгер ІІМ-ге жүгінді
Марқұм Нұрай Серікбайдың заңгері Аянхан Омаров әлеуметтік желіде оның атына қорлайтын пікір қалдырғандарға қатысты құқықтық шаралар қолға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Заңгердің айтуынша, Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты Instagram желісінде марқұмды қорлайтын және ар-намысына тиетін пікірлер жарияланған.
Осыған байланысты Аянхан Омаров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментіне ресми арыз жолдағанын хабарлады.
«Instagram-дағы Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты қорлайтын пікір қалдырған аккаунт иесін анықтау және заң аясында жауапқа тарту туралы ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментіне ресми арыз жолданды. Әлеуметтік желідегі анонимділік жауапкершіліктен босатпайды», – деп жазды адвокат.
Заңгердің сөзінше, құқық қорғау органдары аталған аккаунт иесін анықтап, заң талаптарына сәйкес тиісті шара қабылдауы тиіс.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
12:25
Көкшетауда мас жолаушылар автобус жүргізушісін ...
14.11.2026
11:36
Алматыда діни экстремизмді насихаттады деген кү...
14.11.2026
10:27
Орман директорларын қорқытып, ақша жинаған ба? ...
14.11.2026
09:16
Семейде медицина қызметкерін қорлаған ер адам ұ...
13.11.2026
23:12
“Қоңырау шалып, қорқытқан”: Алматыда әйелді ұза...
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...