Нұрлан Нығматулин көпшілік алдына шықты (ВИДЕО)

12.10.2026 • 10:54 Әсел МҰРАТ
Нұрлан Нығматулин көпшілік алдына шықты (ВИДЕО)
258
Фото: ашық дереккөз

Алматыда Қазақстанның халық әртісі, режиссер Досхан Жолжақсыновтың 75 жылдық мерейтойы өтті. Салтанатты кешке еліміздің бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктері қатысқан. Қонақтар арасында мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин де болған, деп хабарлайды Politico.kz.

Мерекелік шарадан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан Қазақстанның бірқатар бұрынғы мемлекеттік қызметкерін көруге болады.

Атап айтқанда, кешке бұрынғы мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Сенаттың экс-депутаты Қуаныш Сұлтанов, Президенттің бұрынғы көмекшісі Тамара Дүйсенова және Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталов қатысқан.

Сондай-ақ мерекелік дастарқанда алғашқы тілекті Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетов айтқан.

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің мерейтойда жүргені әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Бұған дейін бірқатар БАҚ оның 2022 жылдың басында қызметінен кеткеннен кейін Қазақстаннан кеткенін жазған болатын.

Дегенмен Нығматулиндер әулеті мен мерейтой иесінің арасында туыстық байланыс бар. Досхан Жолжақсыновтың ұлы Біржан Нығматулиннің жиен қарындасына үйленген.

Еске салайық, Нұрлан Нығматулин мәжіліс төрағасы қызметіне бірнеше рет сайланған. Ол бұл лауазымға 2012 жылғы 20 қаңтарда, 2016 жылғы 22 маусымда және 2021 жылғы 15 қаңтарда қайта сайланды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий