Нұрқанатты "асып" кетті - Шерзаттың туыстары
5393
Шерзат Полаттың ағасының суицид жасағанын туыстары жоққа шығарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
9 желтоқсан күні Талғардың шетінде Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, өлім себебі — асфиксия, яғни тұншығу салдарынан болған. Денесінде зорлық-зомбылық іздері анықталмады деген ақпарат берген болатын.
Дегенмен, Ғайыпбаевтың отбасы суицид нұсқасын үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Бұл туралы оның әпкесі бізге айтып берді. Қазіргі уақытта туыстары пікір білдіруден бас тартып, кез келген түсірілімге тыйым салуда. Олардың айтуынша, марқұмның денесі мәйітханада жатыр, ал полиция өлімнің мән-жайын тергеуде.
«Ол ешқандай да суицид жасаған жоқ. Асылып қалды деген сөз өтірік. Оны асып кетті. Қазір Қаржаубай мәйітханада жағдайды анықтауда. Қалғанын адвокаттар айтады», – деп қысқа қайырды әпкесі Бақыт.
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
18:17
Жанель Мақажан: Күйеуіңізді тұғырға қондырып, б...
17.09.2026
18:09
«Бар ақшамыз еді»: Air Astana жолаушысы ұшақ бо...
17.09.2026
17:53
Жанель Мақажан: Орамалды шешкенде қатты қиналды...
17.09.2026
17:14
«Моральдық қысым көрсетілген»: Көкшетау соты әк...
17.09.2026
17:04
Продюсер: "Айтуға оңай" ешкімнің өмірінен шоу ж...
17.09.2026
17:00
Зайсан көлінде қайық аударылды: суға кеткен бал...