"Олар сонша не істеді?": БАӘ-де көз жұмған екі қыздың әкесі үндеу жасады

28.08.2026 • 09:18 Мөлдір ҚАЙНАР
1386
Фото: Instagram/kyn.kz

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі пәтерлердің бірінен өлі табылған Ақжан мен Жұлдыз есімді қазақстандық қыздардың әкесі бейнеүндеу жасап, өз шындығын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Марқұмдардың әкесі қыздарының қазасы туралы қаралы хабарды отбасы тек бір апта өткенде ғана естігенін жеткізді.

«Пәтерден екеуінің денесі табылды. Күдікті адам ұсталды деді. Ол не болды, қалай болды? Олар жас бала, кішкентай қыздар еді. Олар сонша не істеді? Неге бізге ертерек хабарламады? Соны білгім келеді», — дейді қара жамылған әке.

Сонымен қатар марқұмдардың әпкесі бойжеткендердің соңғы рет жіберген дыбыстық хабарламасында еш шағымданбағанын еске алды:

«Анамызға дыбыстық хабарлама жіберген. Онда "бәрі жақсы, уайымдамаңыздар" деп айтқан. Сондай-ақ қыздар саяси жағдайға байланысты желтоқсанда елге қайтқысы келген, алайда орала алмаған еді», — деді ол.

Қайғылы оқиға желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік шетелде жұмыс істеудің қауіп-қатері жайлы пікір білдіруде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий