OLX.kz енді Beeline-ның меншігі болмақ

OLX.kz енді Beeline-ның меншігі болмақ
21.10.2025 16:31
0
102
фото: ашық дереккөз

Beeline 75 миллион долларға OLX Kazakhstan-ды сатып алады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қазақстандағы ең танымал хабарландырулар сайты OLX.kz толығымен Beeline Kazakhstan компаниясына сатылмақ. Бұл туралы ұялы оператордың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәміленің жалпы сомасы 75 миллион АҚШ долларын немесе шамамен 40 миллиард теңге құрайды. Beeline Kazakhstan OLX Kazakhstan бизнесінің 100% үлесін OLX Group-тан сатып алу туралы келісімге келген.

«OLX KZ - Қазақстандағы ең танымал цифрлық платформалардың бірі. 30 маусымдағы жағдай бойынша, оның ай сайынғы аудиториясы 10 миллион белсенді пайдаланушыны құрады, ал платформада 3,6 миллион хабарландыру орналастырылған», - делінген ресми хабарламада.

Сатып алушы тарап Beeline Kazakhstan компаниясы қазіргі таңда 11 миллион мобильді байланыс клиентіне және 2 миллион тіркелген интернет пайдаланушысына қызмет көрсетеді.

Айта кету керек, OLX KZ-ті Beeline Kazakhstan компаниясының сатып алуы әлі де реттеуші органдардың мақұлдауын және мәмілені жабудың стандартты шарттарының орындалуын қажет етеді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий