Олжас Бектенов ОПЕК-тің бас хатшысымен әлемдік мұнай нарығындағы ахуалды талқылады
828
Премьер-министр Олжас Бектенов пен ОПЕК-тің бас хатшысы Хайтам әл-Гайс әлемдік мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Politico.kz.
Премьер-министр баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Үкімет басшысы ОПЕК-тің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. ОПЕК+ шеңберіндегі мұнай өндірушілер мен экспорттаушылардың келісілген әрекеттері орын алуы ықтимал жағымсыз салдарды азайтуға және нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі.
Қазақстан ОПЕК+ шеңберінде өзара байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті. Біз әрдайым ұйымның бастамаларын қолдап, басқа елдермен қатар ағымдағы ерікті міндеттемелер бойынша шектеулерді де қабылдап отырмыз, — деп атап өтті Олжас Бектенов.Хайтам әл-Гайс Қазақстанның әлемдік мұнай нарығындағы маңызды рөлін, елімізде қабылданып жатқан шаралардың мұнай нарығындағы теңгерім мен болжамды баға белгілеуді қамтамасыз етуге әсерін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Хайтам Әл-Гайс өзара табысты әрі нәтижелі іс-қимылды жалғастыру ниетін растады. Айта кетсек, Қазақстан 2016 жылдан бері ОПЕК+ келісімінің қатысушысы болып саналады. Елімізде 90-нан астам жер қойнауын пайдаланушы мұнай өндірумен айналысады. Фото: primeminister.kz
Соңғы жаңалықтар
11.08.2026
08:44
Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің қазасына байл...
11.08.2026
08:30
Астана–Петропавл автожолында екі көлік соқтығыс...
10.08.2026
22:54
15 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионаты...
10.08.2026
21:22
Бейжіңде Абайдың «Қара сөздері» 12 тілде таныст...
10.08.2026
20:08
Қытай мен Еуропа арасындағы жүктің 83%-ы Қазақс...
10.08.2026
20:00
Бурабайда туристерді тасымалдаған электроавтобу...