Омырауын кішірейткен танымал блогер 22 жасында көз жұмды

17.09.2026 19:06 Томирис САҒЫНДЫҚ
Омырауын кішірейткен танымал блогер 22 жасында көз жұмды
144
Фото: instagram.com/alvesdudasr

Бразилиялық модель әрі TikTok-блогер Дуда Алвес омырауын кішірейту және пішінін түзету операциясынан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы The Sun басылымы хабарлайды.

Қайғылы оқиғадан екі апта бұрын 22 жастағы модель пластикалық операция жасатып, одан кейінгі оңалту процесі туралы әлеуметтік желілерінде бөлісіп отырған. Ол оқырмандарымен соңғы рет 10 қыркүйекте байланысқа шығып, оның бұл шешімін сынаған хейтерлердің пікірлерін әзілге сүйеп талқылаған еді.

Болған жағдайды бойжеткеннің жақындары растады. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, дегенмен оны хирургиялық процедурамен байланыстырмайды.

Алвеспен қоштасу рәсімі 15 қыркүйекте Сан-Паулу маңында өтті. Алвестің құрбысы, блогер Кларисса Пави ол туралы еске алып, оның әлеуметтік желідегі бейнесінен мүлде бөлек жан болғанын жеткізді: «Сенің мұны ешқашан оқымайтыныңды ойласам, жаным қатты ауырады. Мұның алдында ешқашан досымнан, әсіресе ең жақын достарымның бірінен айырылып көрмеп едім. Келеңсіз дүниенің бәрін жек көретін қыз ретінде оны біреулер таныса таныр, бірақ мен үшін оның орны мүлде бөлек еді», — деп бөлісті ол.

Алвестің блогында 767 мың жазылушы бар. Инфлюэнсер өзінің күнделікті өмірі мен көңіліне жақпайтын жағдайлар туралы видеолар түсіретін.

Войдите, чтобы оставить комментарий