«Онлайн ойын ойнаған». Ақмола облысында 14 жастағы қызды суицид жасауға не итермелегені белгілі болды
1010
Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында өзіне қол жұмсаған 9-сынып оқушысының туыстары қыздың соңғы уақытта онлайн ойынға әуес болғанын айтады.
Полицияға жасөспірімнің суицид жасағаны туралы оның туыстары хабар берген. Олар қыздың денесін гараждан тапқан.
Естіп-білуімізше, қыздың онлайн ойын ойнағаны белгілі болды. Қыздың өзінде телефон да болмаған. Бірақ ол үйде ноутбукпен соңғы бірнеше онлайн ойын ойнаған. Әрине, бұл туралы ата-анасы білмеген. Олар қызы өз бөлмесінде үй тапсырмасын орындап жүр деп ойлаған, – дейді Бижамал Кожахметова.Қазір құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Полиция тергеу туыстарының суицид туралы арызы бойынша жүргізіліп жатқанын айтады. Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, оқушы қыздың оқу үлгерімі жақсы болатын. Өзі де жайдары, белсенді қыз дейді ұстаздары. Елімізде суицид жиі болып жатқандықтан жасөспірім оқитын мектепте ата-аналар жиналысы болып, суицидке итермелейтін интернет ойындарының қауіптілігі туралы ескертілген. Алайда мектеп әкімшілігі полицияның тергеуді енді ғана бастағанын алға тартып, қайғылы оқиғаға пікір білдіруден бас тартты. Полиция балалар арасындағы жаппай суицидке онлайн ойындардың қатысы барын растаған жоқ.
Соңғы жаңалықтар
12.05.2026
17:41
Жетісу облысында полицейді шапалақпен тартып жі...
12.05.2026
17:29
"Қуанып тұрмын": Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір М...
12.05.2026
16:24
"Сахнамен қоштасамын": Роза Рымбаева күтпеген м...
12.05.2026
16:05
Талғарда тағы да трагедия: әкесінің басына дұға...
12.05.2026
15:29
«13 млн теңге айыппұл»: Елімізде қандай бақбақт...
12.05.2026
15:08
Әнші Luina екінші рет ана атанады