Оқушыға бұранда тығып алған мұғалім қызметіне қайта оралды

30.01.2025 18:15 Берік Арманов Берік Арманов
Оқушыға бұранда тығып алған мұғалім қызметіне қайта оралды
0
199
видеодан кадр

Тақтада тапсырма орындап тұрған оқушыға бұранда тығып алған мұғалім қызметіне қайта оралды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Математика пәнінің мұғалімі қызметтік тексеруге дейін жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Павлодар облысының білім басқармасы мәлімдеді. 

«Білім бөлімі жүргізген қосымша бағалау негізінде, Еңбек кодексін және педагогикалық ұжымның қызметін реттейтін басқа да актілерді басшылыққа ала отырып, қызметтік тергеуге дейін мұғалімді орнында қалдыру туралы шешім қабылданды. Білім бөлімінің мамандары мектеп әкімшілігімен бірлесіп, жан-жақты тексеру жүргізіп, мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға береді», деп хабарлады білім басқармасы.

Ведомствоның мәліметінше, оқушы мен оның ата-анасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мұғалімнің жұмыста қалу, қалмауы тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін белгілі болады. Ал оған дейін мұғалім қызметін жалғастырады. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий