Орынбордағы дрон шабуылы Қарашығанаққа әсер етті - Министр
793
Орынбордағы апат Қарашығанаққа әсер етті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Орынбор газ өңдеу зауытындағы төтенше жағдай Қарашығанақ кен орнындағы мұнай өндіру көлеміне ықпал еткенін мәлімдеді.
«Дәл осы Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған ұшқышсыз аппараттардың шабуылы мұнай өндірісіне әсер етті. Қазіргі сәтте сұйық көмірсутектер бойынша 8,5 мың тоннадан 9 мың тоннаға дейін шектеулер бар. Алдағы үш күн ішінде бұл шектеулер алынып тасталады деп үміттенеміз», - деді министр.
Еске салайық, Орынбор газ өңдеу зауытына 2025 жылдың 19 қазан түні дрондар шабуыл жасаған болатын. Нәтижесінде зауыттың өндірістік цехтарының бірі өртенген.
Айта кету керек, 9 мың тонна мұнай бұл Қарашығанақ кен орнындағы жалпы өндіріс көлемінің 25%-ын құрайды.
Соңғы жаңалықтар
20.07.2026
23:35
Құдиярова: Ажырасқандардың баласы ажырасуға, су...
20.07.2026
23:04
Қанат Айтбаев: Димаш — алған бетінен қайтпайтын...
20.07.2026
18:41
36 жылдық қателік: сәбиі ауысып кеткен екі отба...
20.07.2026
18:21
Психоаналитик: Күйеу деген — банкомат емес, ол ...
20.07.2026
17:05
Қазақстанның қатаң мәлімдемесінен кейін де КҚК ...
20.07.2026
17:00
Сәрсемәлиевтің сергелдеңі: Ақбаян Мұқанғалиева ...