Өскемендегі «Казцинк» зауытындағы жарылыстан қаза тапқандар саны артты
Өскемен металлургиялық алаңында 5 мамыр күні болған жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған «Казцинк» қызметкерлерінің бірі бүгін түнде ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы «Казцинк» компаниясы мәлімдеді.
Компания қаза болған қызметкердің жақындарына және барлық қызметкерге қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Осылайша «Казцинк» зауытындағы жарылыстан қаза тапқандар саны үш адамға жетті.
Апат салдарын жою жұмыстары және мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасуда.
Өскемен металлургиялық кешені мырыш және қорғасын зауыттарында өндірістік қуаттарды уақытша төмендетілген режимде жұмыс істеуде.
Еске салайық, 5 мамыр күні «Казцинк» кәсіпорнында түтін сорғышты тазалау кезінде жарылыс болып, кейін өрт шыққан және құрылымдардың бір бөлігі опырылған. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес жұмысшы жарақат алды.
Жарақат алғандардың үшеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.
Екі адам ауруханаға жатқызылды. 1980 жылы туған ер адам жансақтау бөлімінд өте ауыр жағдайда түсті. Оның денесінің 90 пайыздан астамын күйік шалған, тыныс алу жолдары зақымданған. Ал 1974 жылғы тағы бір ер адамның омыртқасы сынған.
Ал омыртқа жарақатын алған екінші науқас 7 мамыр күні санитарлық авиация арқылы Астанаға жеткізілді.
Соңғы жаңалықтар