"Өзі іздемейді": Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуі туралы айтты

03.08.2026 10:16 Мөлдір ҚАЙНАР
726
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Алтынай Жорабаева қызының ұзату тойынан кейін журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, бұрынғы жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтың салтанатты шараға қатыспау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің айтуынша, қыздары бұған дейін әкесімен қарым-қатынасты үзбеуге тырысып, жағдайын біліп тұрған. Алайда ол тараптан ешқандай қамқорлық пен байланыс болмаған соң, араласуды тоқтатқан.

"Алғашында қыздар барып жүрді, үйіне де барды, жағдайын сұрады. Бірақ өзі іздемесе, хабарласпаса, көмектеспесе, біз қайта-қайта барып, жалынып жүрмейміз деп шештік", — деді әнші.

Сондай-ақ Алтынай Жорабаева қазіргі жұбайы Әлішердің қыздарына нағыз әкелік мейірім сыйлағанын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, ол қыздарды туған баласындай қабылдап, бар ықыласын арнаған.

"Әлішер оларды өз қанатының астына алып, нағыз әкелік махаббат сыйлады. Қыздардың өзі бір жылға жетпейтін уақытта оны "папа" деп атай бастады. Мен үшін ең маңыздысы – Әлішердің оларға деген шынайы сезімі. Сондықтан тек биологиялық әкесі болғаны үшін біреуді төрге шығара алмаймын", — деді ол.

Сөзін қорытындылай келе, өнер иесі бұрынғы жұбайына ешқандай реніш сақтамайтынын және оған тек жақсылық пен бақыт тілейтінін жеткізді.

Войдите, чтобы оставить комментарий