"Өзінен аумайды": Нұрлан Әлімжанов алғаш рет ұлдарын көрсетті

03.07.2025 • 11:10 Мөлдір ҚАЙНАР
577
видеодан алынған кадр

Танымал әнші, актер Нұрлан Әлімжанов әлеуметтік желіде екі ұлын көрсетіп, видео жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Өнер иесі ұлдарының есімі Ғабдолла және Нұрмұхаммед Баянғалиев. Сондай-ақ ол кенже ұлы биыл мектеп бітіріп, өнер жолын таңдағанын мәлім етті.

«Менің «Соңғы қоңырау» атты жаңа әнім жарыққа шықты. Бұл әнімнің сөзін әкем Баянғали Әлімжанов жазса, орындаған менің ұлым Нұрмұхамед Баянғалиев.

Айтпақшы Нұрмұхамед ұлым биыл мектеп бітірді және бұл оның кәсіби тұрғыда жазған алғашқы әні. Әке жолын қуып олда өнерге барам деп жатыр. Алла тілеуіңді берсін, құлыншағым», - деді әнші.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий