Пара дзюдодан Олимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек – белгілі спортшының жары
1218
Пара дзюдодан 48 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен отандасымыз Ақмарал Науатбек дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының жеңімпазы Мәди Амангелдінің жары болып шықты.
Жас жұбайлар спортта танысып, кейін 2022 жылы шаңырақ көтерген. Қазір екеуі Астанада тұрады.
Мәди Амангелді жарының Париж төріндегі белдесуінде қасында болып, қолдау көрсеткен. Олар Париждегі Эйфель мұнарасының алдында фотоға түсіп, әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктеген.
Айта кетейік, Ақмарал Науатбек Жамбыл облысының Жуалы ауданында 1999 жылы дүниеге келген.
Еске сала кетсек, Ақмарал Науатбек финалдық бәсекеде франциялық спортшы Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдені иеленген еді. Ал жартылай финалда түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген болатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмарал Науатбекті жеңісімен құттықтап, әлеуметтік желіге өз атынан жазба жариялады.
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
23:20
Үндістанда бес айдан бері тұрған кемеде Қазақст...
17.09.2026
22:20
Астанада тұрғын үй ауласында атыс болды: Полици...
17.09.2026
21:22
«Екі рет көмек сұрап шыққан»: Астанада ерлі-зай...
17.09.2026
20:44
«Балаларының көзінше ұрған»: Түркістан облысынд...
17.09.2026
20:07
“Ақша не үшін бердік?”: Степногорскіде ауланы ж...
17.09.2026
19:08
Павлодардағы аялдамада құшақтасып жатқан екі ер...