Павлодар облысында ұшақ құлады

27.05.2026 • 12:00 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Павлодар облысында ұшақ құлады
1225
Фото: t.me/kerekpv

Павлодар облысының Железинка ауылы маңында авиациялық-химиялық жұмыстар атқарып жүрген Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде қатты зақымдалған әуе кемесінің суреттері тараған соң, Көлік министрлігі жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Ведомство бізге берген ақпаратқа сәйкес, бүгін «ЭЛИСА» әуе компаниясына тиесілі ұшақ жоғары вольтты электр беру желілеріне тиіп кеткен болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бірінші ұшқышты ұшақтан аман-есен алып шыққанымен, екінші ұшқыш оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері апат болған жерге аттанып, арнайы тергеу амалдарын бастады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий