Қарағанды облысында жоғалып кеткен әйел шөп қорадан табылды

Қарағанды облысында жоғалып кеткен әйел шөп қорадан табылды
Фото: ortcom.kz

Қарағанды облысында көлікке мініп, жолға шыққаннан кейін хабарсыз кеткен 41 жастағы әйел аман-есен табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оны іздеуге құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 28 қарашада 1985 жылы туған әйел Қарағанды қаласынан Нұра ауданына қарасты Изенді ауылына қарай жолға шыққан. Ол діттеген жеріне жолай көлікпен жетпек болған. Алайда сапардан кейін әйел байланысқа шықпай, туыстары мен жақындары алаңдаушылық білдірген.

Осыдан кейін оны іздеу жұмыстары басталды. Іздеу шараларына ТЖМ қызметкерлері, полиция өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Мамандар аумақты тексеру үшін қызметтік иттер мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланған.

29 қараша күні таңертең іздеу тобы жоғалған әйелді жергілікті тұрғынға тиесілі шөп сақтайтын қорадан тапты.

Ведомствоның хабарлауынша, әйелдің жағдайы медициналық көмек көрсетуді қажет етпеген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу