Пойызда босанған әйел баласын пойыз терезесінен лақтырып жіберді

Пойызда босанған әйел баласын пойыз терезесінен лақтырып жіберді
22.04.2025 16:35
0
102
Фото: freepik.com

Пойызда босанған әйел баласын пойыз терезесінен лақтырып жіберді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қайғылы жағдай Қызылорда – Астана пойызында болған. Оқиғв Қарағанды маңында болды. Жолсерік дәретханадағы қанды байқап, ізімен жүрген. Ақыры купеден төсегі қан болған әйелді байқаған. 

Ол өзі босанғанын мойындады. Кейін оның жаңа туған нәрестені лақтырып жібергені белгілі болды. Жолаушылар вагон ішінен қан іздерін байқап, өз беттерінше не болғанын анықтауға тырысқан. Көп ұзамай нәрестенің мәйіті табылды. Сәбидің өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады. 

«Аталған дерек бойынша тексеру жүріп жатыр. Нақты процессуалдық шешімдер тергеу нәтижесіне қарай қабылданады», — делінген хабарламада.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий