Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне қатысты пікір білдірді

Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне қатысты пікір білдірді
15.07.2025 12:32
0
209
Коллаж POLITICO.KZ (Фото: Informburo.kz, primeminister.kz)

Олжас Бектенов Перизат Қайрат ісіне қатысты пікір білдірді

Премьер-министр Олжас Бектенов қоғамда үлкен резонанс тудырған Перизат Қайрат ісіне байланысты пікір білдіріп, қайырымдылық ұйымдарының жұмысында болуы мүмкін өзгерістер туралы айтты.

Мен бұл жағдайдан хабардармын. Өкінішке қарай, өмір көрсетіп отыр: бюджет қаражаты ғана емес, азаматтардан жиналған қайырымдылық қаражаты да кейде мақсатсыз жұмсалады. Бұл соның айқын мысалы. Бұл жалғыз оқиға емес, басқа да осындай жағдайлар бар. Бірақ бұл ең шулы оқиғалардың бірі болды, — деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, осындай жағдайлардың алдын алу үшін қайырымдылық саласына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.

Бұл саладағы қаржының жұмсалуын есепті, бақылаулы және ашық ету үшін тиісті заңнамалық түзетулер қажет деп есептеймін. Осы бағытта Үкімет пен құқық қорғау органдары нақты механизм ұсынып, бұл істер қалай жүзеге асқанын көрсетеді деп ойлаймын. Соған қарай болашақта осындай заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізуге болады, — деді Бектенов.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий