ПРЕЗИДЕНТ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
592
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті. Бұдан бөлек, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты. Президент азаматтардың және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі Үкімет пен барлық ведомство қызметінің басым бағыты ретінде әрдайым ерекше назарда болуға тиіс екенін атап өтті. Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
23:20
Үндістанда бес айдан бері тұрған кемеде Қазақст...
17.09.2026
22:20
Астанада тұрғын үй ауласында атыс болды: Полици...
17.09.2026
21:22
«Екі рет көмек сұрап шыққан»: Астанада ерлі-зай...
17.09.2026
20:44
«Балаларының көзінше ұрған»: Түркістан облысынд...
17.09.2026
20:07
“Ақша не үшін бердік?”: Степногорскіде ауланы ж...
17.09.2026
19:08
Павлодардағы аялдамада құшақтасып жатқан екі ер...