Президент метапневмовирусқа байланысты алаңдаушылықты түсіндірді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттер үйінде болған кезде қоғамда алаңдаушылық тудырған метапневмовирус туралы пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
– Қазіргі уақытта барлығы жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Ажыотаж жасаудың қажеті жоқ. Қытаймен әріптестікті одан әрі дамытуымыз керек, – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, ол білім беру және жастар алмасу саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды.
Президент студенттермен әңгімелесу барысында "Ana tili" газетіне берген сұхбатында цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту тақырыптарына жеке тоқталғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл заманауи технологиялар барлық салаға енгізіледі. Мемлекет басшысы жастарға үлкен сенім артатынын айтты.
Өткен жылы елімізде 11 079 орынға арналған 40 жатақхана пайдалануға берілді. Биыл Астанада 3400 орындық жеті жатақхана ашу жоспарланған.