Прокуратура Ақтаудағы бір топ ер адамның қызды зорлағанына қатысты соттың үкіміне шағым түсірді

Прокуратура Ақтаудағы бір топ ер адамның қызды зорлағанына қатысты соттың үкіміне шағым түсірді
09.01.2025 10:11
0
351
ашық дереккөз

Маңғыстау облысының прокуратурасы қыздың өзіне қол жұмсауына қатысты сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. 

Ақтауда бір топ ер адам қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлап, есірткі қолдануға мәжбүрлеген еді. Кейіннен жәбірленуші өзіне қол салған. Алайда сот қыздың өзіне қол салуына болған жағдайлардың қатысы жоқ деп тапқан. 

Прокуратура соттың шешімімен келіспейді.

"Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылғы 19 желтоқсанда жәбірленушіге қарсы жасалған қылмыстар үшін басты айыпталушыны 20 жылға, ал оның төрт сыбайласын 7 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Өз кезегінде прокурор жарыссөзде басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал қалған қатысушыларды 15 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады", – деп хабарлады прокуратура.

5 қаңтарда облыс прокуроры жазаның квалификациясы мен мөлшері бойынша сот үкімімен келіспеуіне байланысты сот жарыссөзінде баяндалған ұстанымына сәйкес өтініш берді.

Іс әлі сотта. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или