Прокуратура күйеуін өлтiрді деп айыпталған бес баланың анасын ақтаған үкiмге шағым түсiрдi

04.09.2026 11:05 Қарақат АСЫЛОВА
Прокуратура күйеуін өлтiрді деп айыпталған бес баланың анасын ақтаған үкiмге шағым түсiрдi
210
Фото: magnific.com

Қонаев қаласының прокуратурасы Алматы облысында күйеуін өлтірді деп айыпталып, алқабилер соты ақтап шыққан әйелге қатысты үкімді бұзуды сұрап отыр. Бұл туралы НеМолчиKZ қоры хабарлады.

Еске салайық, 2026 жылдың 10 тамызында судья мен алқабилер әскери қызметкер болған күйеуінің өліміне қатысты әйелді кінәсіз деп тапқан. Алайда прокурор істі жаңа құраммен қайта қарау үшін наразылық білдірді.

Қадағалау органы әйелдің кінәсі туралы мәселе көтеріп отырған жоқ. Прокурордың шағымы тек сотты өткізу кезіндегі процессуалдық заң бұзушылықтарға негізделген.

Прокуратура сот барысында мынадай қателіктер кетті деп есептейді:

• Ант қабылдау кезінде тек бір алқаби мәтінді толық оқып, қалғандары бір уақытта жауап берген.

• Жеребе тарту кезінде тіл білмейтін кандидаттың билеті жәшікке түсіп, судья оны қосалқы алқаби ретінде қосқан.

• Алқабилерге қойылуы тиіс үш міндетті сұрақ түсініксіз тұжырымдалған.

Әйелдің адвокаты Ғалым Нұрпейісов прокурордың шағымын қанағаттандырмауды сұрайды. Қорғаушының пікірінше, даулы кандидаттар дауыс беруге қатыспағандықтан, негізгі он алқабиге ешқандай кінә артуға болмайды. Оның үстіне айыптаушы тарап сот барысында бұл мәселелерге қарсылық білдірмеген.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, қайғылы оқиға 2026 жылдың 1 мамырында Шеңгелді ауылында болған. Жүкті әйел мен оның күйеуінің арасында жанжал шығып, ер адам жүрек тұсына тиген пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Осыдан кейін күдікті бірден қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі, яғни қасақана адам өлтіру бойынша айып тағылды.

Бірақ сотта оның 16 жыл бойы жүйелі түрде зорлық-зомбылық көргені айтылды. Оқиға болған күні ер адам секс-қызметкерлерге барып келгеннен кейін, әйелін іш киімін жууға мәжбүрлеген.

Сол күні ол жүкті әйелдің шатынан тепкен. Жәбірленуші қашып шығып, полиция шақырмақ болған, алайда күйеуінің туыстары мен көршілері оған телефон соғуға мүмкіндік бермеген.

Қор өкілдерінің мәліметінше, әйел кезінде алып қашу құрбаны болған. Ол күйеуінің опасыздығынан кейін бірнеше рет соз ауруларынан емделіп, талай рет кетіп қалғанымен, қайта оралуға мәжбүр болған.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген әйел өте сабырлы адам ретінде сипатталады.

Ақталып шыққаннан кейін бірнеше күннен соң ол ұл бала босанды. Қазір оның бес баласы бар.

Бұған дейін қайтыс болған ер адамның туыстары ақтау үкімімен келіспейтінін жеткізген. Олар сот шешіміне шағым түсіретінін мәлімдеген болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий